Павлодарда этносаябақ жаңғыртылады

Павлодарда этносаябақ жаңғыртылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол екі көшенің қиылысында болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мұндай ұсыныс облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының XXVIII сессиясында айтылды.

Достық үйінде сөз сөйлеген аймақ басшысы ҚХА-ның елеулі трансформациясын атап өтті. Оның ойынша, соңғы жылдары бұл орган тек арнайы шараларды өткізу алаңы болудан қалды.

Ассамблея бүгінгі таңда маңызды қоғамдық институт, нақты әлеуметтік-гуманитарлық жобалар арқылы жалпыұлттық бірлік пен волонтерлік идеяларды жүзеге асырушы, – деп атап өтті Асайын Байханов. – Бұған бұрын-соңды болмаған су тасқыны жағдайы дәлел.

Аймақ басшысы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді. Екібастұз, Павлодар, Железин, Успен аудандарының этномәдени бірлестіктері, Ақсақалдар мен Аналар кеңесі, жастар қанаты, ғылыми-сараптамалық топ белсенділік танытты.

Достық үйі «қоғамдық орталыққа», әлеуметтік және азаматтық бастамалардың қайнар көзіне айналуы тиіс, – деп сенеді Асайын Байханов. – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы этносаябақты жаңғыртудың жаңа идеяларын дайындап, орны мен идеологиялық мазмұнын ойластыру қажет.

Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің жұмыс формасын қайта қарау да жоспарда бар. Ол облыстағы білім беру мекемелерінің әдістемелік орталығына айналып, оқу-тәрбие процесінде «Біз басқамыз, бірақ біз теңбіз», «Біртұтас Қазақстан халқы» қағидаларын басшылыққа алуы керек.

Сессияда ассамблея мүшелері де бірқатар ұсыныстар айтты. Ананың рөлі, отбасы мен салт-дәстүрі, халықтық педагогика туралы көшпелі дәрістер жұмыстың тиімділігін арттыруға көмектеседі деп есептейді Аналар кеңесі. Осылайша қоғамдық бірлестік мүшелері облыстың басқа қала, аудандарындағы әріптестерімен тәжірибе алмасады.

Аналар кеңесі облыста ағарту ісімен қазірдің өзінде айналысып келеді. Жобалардың бірі «Тәлім TIME» балалардың мемлекеттік тілді және қазақ халқының салт-дәстүрін үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ашылды. Аналар да Павлодар гарнизонының әскери бөлімдеріне қамқорлық жасап, отбасылық мерекелер өткізіп, нашақорлықпен күресуде. Өткен жылы Кеңес 450 іс-шара өткізсе, биылғы жылдың үш айында ғана – 518 іс-шара өткізілген.

Торайғыров университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Арман Ақышев Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық тобының жұмысына тоқталды.

Топтың құрамында оқу-педагогикалық үдерісте Ассамблеяның ұсыныстарын жүзеге асыратын университет ғалымдары да бар, – деді Арман Ақышев. – Университетімізде «Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениеті» және «Мәдениетаралық коммуникациялар теориясы мен тәжірибесі» пәндері енгізілді.

Жастар ассамблеясының белсендісі Данил Дзюба ҚХА өңірі үшін жаңа волонтерлік тұжырымдаманы әзірлеу мақсатында «Волонтерум Хаб АНК» жастар лагерін өткізуді ұсынды. Сондай-ақ облыс басшысы қараша айында өтетін «Бірлік-Единство.KZ» оныншы жастар форумына шақыру алды.

Сессия достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін облыстық Ассамблея мүшелері мен волонтерлерді марапаттаумен аяқталды. Белсенділерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Фотосуреттерді түсірген Валерий Бугаев