Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы препараттың үшінші партиясы жеткізілді
Көлемі – 20 тонна, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, өңірде дезинсекциялық жұмыстарға дайындық жалғасуда. Бүгін облыс орталығына қан соратын жәндіктерге қарсы тағы 20 тонна биологиялық препарат жеткізілді.
Кезекті жүкті ведомство мамандары мен мердігер ұйымның өкілдері қабылдады. Препараттар Павлодарда орналасқан «Реактив» ЖШС мамандандырылған қоймасында сақталады.
Көлемі 37 тонна биологиялық препараттың қалған бөлігі алдағы күндері жеткізіледі.
Еске сала кетейік, бірінші партиямен 60 мың тонна жеткізілсе, екіншісінде 40 мың тонна әкелінді.