«Павлодар дауысы»: Француз, итальян, корей тілдеріндегі үздік орындаушы анықталды
Ән айтудан қалалық балалар конкурсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты
қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Жазғы POV -2024» жазғы жобасы аясында қалалық демалыс орталығында «Павлодар дауысы» қалалық балалар байқауын өткізді.
Оқушылардың шығармашылық вокалдық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау мен орындаушылық шеберлігін жетілдіру мақсатында өткен конкурсқа қаланың жалпы білім беретін мектептің бірінші-жетінші сыныптарының 232 оқушысы қатысты.
– Байқау жыл сайын өткізіліп, оқушылар арасында вокалдық қабілеті бар дарынды балалар көп екенін көрсетті. Қатысушылар сахнада өнер көрсетіп, әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысу дағдыларын шыңдайды, – деді орталықтың әдіскері, жоба жетекшісі Назгүл Қайырқанова.
Қатысушылар өздерінің сүйікті әндерін төрт номинация бойынша – «Қазақ ұлттық әндері», «Орыс халық әндері», «Заманауи әндер», «Шетел әндері» ағылшын, француз, неміс, испан, итальян, корей тілдерінде орындады.
Байқау қорытындысы бойынша 126 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде тоғыз оқушысы бірінші, 61 оқушысы екінші, 56 оқушы үшінші орынға ие болды.