Павлодарда мотоциклдан құлаған ер адам бұғанасын сындырды

Павлодарда мотоциклдан құлаған ер адам бұғанасын сындырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мереке күндері жедел жәрдемді шақыртудың саны 800-ге дейін өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күн ішінде «103» қызметіне жүктеме 10-15%-ға өсті. 

– Егер әдеттегі күндері жедел жәрдем тәулігіне 600-700 шақыруды пысықтаса, демалыс және мереке күндері олардың саны 800-ге дейін, ал кейде одан да көп болады. 9 мамырда бес түрлі жол-көлік оқиғасы орын алды,– деді станцияда.

Олардың үшеуі Павлодарда болған. Екі жағдайда апатқа қатысқан ер адамдар ауруханаға жатқызылудан бас тартты. Үшінші ЖКО-да мотоциклден құлап кеткен 47 жастағы ер адам бұғана сүйегінің сынуымен Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жатқызылды.

– Ақсуда жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабар келіп түскен болатын. 34 жастағы ер адам тобық буынынан жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Тағы бір жедел жәрдем бригадасы Железин ауданында қажет болды. Екі автокөліктің соқтығысуынан кейін 40 жастағы әйел мен 8 жасар қыз түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді,– деді станцияда. 

Сондай-ақ, «103» қызметкерлері Жеңіс күніне орай мәдени-бұқаралық іс-шараларда кезекшілік атқарды. Қысымның өте төмен болғанына шағымданған 67 жастағы әйелдің бір ғана өтініші тіркелді. Дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетті.  Әйел ауруханаға жатқызудан бас тартты.