Павлодар маңындағы жантүршігерлік жол апатында минивэн жылқыны қағып кетті

Павлодар маңындағы жантүршігерлік жол апатында минивэн жылқыны қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жол-көлік апаты туралы хабарлама 2 қазанда сағат 22:28-де келіп түсті. 

– Ақсу көпірінен кейінгі тас жолдағы жол апатына медициналық бригада тоғыз минутта жетті. Шамамен 45 жастағы ер адамның және 65 жастағы әйелдің өміріне сәйкес келмейтін жарақат алып, қайтыс болды. 40 жастағы жүргізуші түрлі жарақаттармен қалалық №1 ауруханасына жеткізілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.

Полиция ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

– Алдын ала мәліметтер бойынша, Атамекен ауылының маңында 17 шақырым жерде «Павлодар-Қызылорда» автожолында «Toyota Alphard» автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай жылқыға соғылып, соның салдарынан автокөлік кюветке аударылды. Тергеу аясында жылқы иесінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деді облыстық полиция департаментінде.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.