Павлодар мұнай-химия зауыты битум жеткізе бастады
Қазіргі уақытта кәсіпорында мұнай өнімдері қайта өндіріле бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар мұнай-химия зауыты жол-құрылыс ұйымдарына битум жеткізуді 21 шілдеден бастайды.
– Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде кәсіпорын тауар өнімдерін үздіксіз жөнелтіп тұрды, – деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, «ПМХЗ» ЖШС жоспарлы-алдын алу жұмыстарын орындаудың соңғы кезеңіне шыққанын хабарлаған болатын. Кәсіпорын жоспарлы-алдын алу жұмыстарына тоқтаған кезде мұнай өнімдерінің барлық резервтік қорларының көлемі екі еседен астам қысқарды.
Биыл қаңтар айында Павлодар мұнай-химия зауытында битум өндіруге арналған қондырғының жаңа пеші іске қосылған болатын. Жаңа пеш экономикалық жоғары көрсеткіштермен қатар, экологиялық тұрғыдан пайдалы болады. Орнатылған жабдық жанармай газы мен сұйық отынның жануын ең төменгі көрсеткіштерге дейін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа қондырғы көмірқышқыл газы шығарындыларын айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде.
«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында битум шығарумен Ақтау битум зауыты (САЅРІ BITUM ЖШС) да айналысады.