Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы-алдын алу жұмыстары аяқталуда
Осы аптаның соңына дейін өндірісті іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ресми арнасының мәліметінше,
«ПМХЗ» ЖШС жоспарлы-алдын алу жұмыстарын орындаудың соңғы кезеңіне шықты. Қазіргі уақытта зауыт бойынша орындалған жұмыстардың орташа көрсеткіші 98,5%-ға жетті, ірі қондырғылардағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
– Кәсіпорын жоспарлы-алдын алу жұмыстарына тоқтаған кезде мұнай өнімдерінің барлық резервтік қорларының көлемі екі еседен астам қысқарды. Бұл бекітілген үздіксіз тиеуді қамтамасыз ету жоспарында көрсетіледі, – дейді компанияда.
Жоспарлы-алдын алу жұмыстары шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау қағидаларымен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
ҚР энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес осы аптаның соңына дейін өндірісті іске қосу күтілуде. Зауыт толық өндірістік қуатқа 16 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін шығады.