Павлодар облысы адамдар көп көшіп кеткен үштікке енді
2023 жылы қаңтар-маусым айларында елімізге 13,7 мың адам келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, бұл былтырғыдан – 87,3% артық. Бұл ретте елден 7 мың адам кеткен, бұл – 2022 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 43,3% аз. Кеткендер саны келгендер санынан 2 есе жоғары.
– Өңірлер бойынша Қостанай облысынан кеткен тұрғындардың саны басым: 1,1 мың адам – былтырғыдан 25,7% аз. Екінші және үшінші орында Қарағанды (820 адам, 50% азайған) және Павлодар (645 адам, 56,7% азайған) облыстары тұр. Ал Қызылордадан жұртшылық айтарлықтай қоныс аудара қоймаған: 31 адам, 40,9% көбейген, – деп жазылған хабарламада.
Келушілер санып бойынша Алматы көш бастайды: алты айда оңтүстік астанаға 3 мың адам қоныстанды, былтырғыдан бірден 2,3 есе көп.
Үздік үштікке Маңғыстау (2,2 мың адам, 23,8% көбейген) және Алматы (1,1 мың адам, 15,3% көбейген) облыстары кірді. Қызылордаға келгендер саны айтарлықтай көп емес: бір жыл бұрын 8 адам болса, биыл – 13 адам.
Іnbusiness.kz сайтының мәліметі бойынша, шетелдік жоғары оқу орындарын бітірген қазақстандықтардың 78%-дан астамы өздерінің зияткерлік әлеуетін туған жерінде жүзеге асыра алмағандықтан көбі елден кетуде.