Павлодар облысы балалар дамыту орталықтарының бағасы ең баяу өскен өңір атанды

Павлодар облысы балалар дамыту орталықтарының бағасы ең баяу өскен өңір атанды
Фото: pixabay.com/FeeLoona

Бір жыл ішінде қызметтер 4,1 пайызға өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

EnergyProm талдау орталығының дерегінше, облыста бір жыл ішінде өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда балалар дамыту орталықтарының қызметтері 4,1 пайызға қымбаттады. Бұл – еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш.

Жалпы орталықтардың қызметі жиырма өңірдің жетеуінде былтырғы деңгейде сақталды. Баға ең көп өскен өңірлердің үштігіне Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енді. Бұл аймақтарда өсім тиісінше 27, 24 және 18 пайыз шамасында болды.

Сонымен қатар, ел бойынша 1-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі бір жыл ішінде 84,29 пайыздан 86,31 пайызға дейін өсті. Облыста қамту деңгейі – 85 пайыз шамасында

Аймақтар арасында ең жоғары қамту Түркістан облысында байқалды – шамамен 98 пайыз. Одан кейін Жетісу, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстары келеді – олардың барлығында көрсеткіш 90 пайыздан жоғары..

Бұл өңірдің елдік орташа деңгейге жуық екенін және мектепке дейінгі білім беру саласында тұрақты даму барын көрсетеді.