Ақсуда қалалық саябақ түрленбек (ВИДЕО)

Ақсуда қалалық саябақ түрленбек (ВИДЕО)

Осы мақсатта қайта құру жобасы дайындалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

- Ақсу қаласын аралау барысында бірнеше әлеуметтік нысандарда болып, абаттандыру жобаларымен таныстым. Соның ішінде қалалық саябақты қайта құру туралы шаһарға көктемде келгенімде тапсырғанмын. Қазір саябақты қайта құруға арналған жоба дайындалуда. Ол әртүрлі жастағы балаларға арналған демалыс аймақтарын, аттракциондарды, сауда павильондарын, жаяу жүргіншілер жолдарын, жарықтандыру және көгалдандыруды қамтиды. Жобаны іске асыру келесі жылдың жоспарында. Жаңартылған саябақ Ақсу тұрғындары үшін сүйікті демалыс орнына айналады деп сенемін, - деді аймақ басшысы өз жазбасында.

Сонымен қатар, облыс әкімі 250-ден астам бала баратын №16 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізуді тапсырды. Ғимаратқа 53 жыл ішінде тек ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жүргізілген. Қазіргі таңда қасбетін, еденін, терезелерін, есіктерін және т. б. ауыстыру бойынша жөндеуді қажет етеді.

Еске сала кетейік, Ақсуда 2024 жылы 6 жүзу жолымен 2100 ш. м. бассейн салу жоспарлануда. Қазір жобаның сметалық құжаты әзірленуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assain Baikhanov (@asaiyn.baikhan)