Павлодар облысы бастауыш сыныптарында «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізіледі

Аталған жаңашылдық 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-4- сыныптарды қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылдан бастап облыста әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске асырылуда. Ол азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларын, атап айтқанда, тегін ыстық тамақты алуын жеңілдетуге бағытталған.
– Ата-ана E-gov mobile қосымшасында ваучерді белсендіре алады. Ваучер – бұл баланың электронды форматта тегін ыстық тамақ алу құқығы. Қазіргі уақытта жоба халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 5-11-сынып оқушыларына арналған мектептерде іске асырылуда, – дейді облыстық білім беру басқармасында.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес 700-ден астам оқушысы бар мектептерде аппараттық-бағдарламалық кешендер (АӨК) орнатылған. Өңірде мұндай 102 мектеп бар, оның 69-ы – қалалық мектеп, 33-і – аудан орталықтарында. Контингенті 700 оқушыдан аз мектептер «Бизнес әмиян» тегін қосымшасына қосылған, мұндай 238 мектеп бар.