Павлодар облысы биыл теміржол көлігімен көп жүк тасымалданған үштікке кірді
2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде теміржол көлігімен 308,1 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Finprom.kz статистикасына сүйенсек, бұл – былтырғыдан 0,7% артық.
Үш тоқсанның қорытындысы бойынша теміржол көлігінің жүк айналымы 243 млрд ткм, бұл – былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5% артық. Жүк тасымалының ең көп көлемі – Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстарында, ең азы Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында тіркелді.
Саладағы жолаушылар тасымалы 2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 15,1 млн, былтырғыдан 2,9% артық болды.
Жолаушылар айналымы 12,4 млрд жкм, былтырғыдан 0,9% аз.
Ең көп жолаушы Астанада тасымалданды: 4,2 млн адам, бір жылда 18,9% көбейген. Одан кейін Ақтөбе және Қызылорда облыстары келеді. Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында тіркелді: жыл басынан бері небәрі 145,5 мың жолаушы.