Павлодар облысы бос жұмыс орындары ең көп өңірлердің бестігіне енді

Павлодар облысы бос жұмыс орындары ең көп өңірлердің бестігіне енді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тоғыз айда Enbek.kz электронды еңбек биржасында 1 миллионнан астам вакансия жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9 пайызға көп. Былтырғы көрсеткіш 978 мыңды құраған болатын. Платформада ай сайын орта есеппен 120 мыңға жуық жұмыс мүмкіндігі ұсынылды.

Жұмыс берушілердің белсенділігі әсіресе қыркүйекте артып, бір айда 254 мың бос жұмыс орны жарияланған.

Өңірлер бойынша бос жұмыс орындарының ең көп үлесі Астана (8,7%), Алматы (8,4%) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды (6,8%), Түркістан (6,7%) және Павлодар (6,3%) облыстарында тіркелген.

Жарияланған вакансиялардың басым бөлігі білім беру (26,3%), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету (8,5%) және өңдеу өнеркәсібі (7,2%) салаларына тиесілі. Жұмыс берушілер тарапынан көбіне медбикелерге, автокөлік жүргізушілеріне, тәрбиешілерге, математика мұғалімдеріне, бухгалтерлерге, аспаздарға, сондай-ақ әлеуметтік педагогтер мен мектеп психологтарына сұраныс жоғары болды.

Сондай-ақ есепті кезеңде жұмыс іздеушілер платформаға 1,2 миллионға жуық түйіндеме орналастырды. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға көп.