Павлодар облысы ел бойынша майлы дақылдарды өсіруден үштікке енді
Республикада бидай мен арпа дақылдарына алқаптар қысқартылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Үкіметте егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша бағдарлама талқыланды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстанда егіс алқабы 24 миллион гектар болады, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 115,6 гектарға аз. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында майлы және жем-шөп дақылдарының егіс алқаптары ұлғаяды.
Статистика департаментінің мәліметінше, 2024 жылы Павлодар өңірінде ауыл шаруашылығы дақылдары алып жатқан аумақ 1,7 миллион гектарды құрайтын болады. Бұл – өткен жылғы деңгейден 20,3 мыңға артық. Көрсеткіштің өсуі кейбір дақылдарды кеңейту арқылы мүмкін болады. Жем-шөпке арналған аумақ 11 пайызға, майлы дақылдар үш пайызға ұлғаяды. Олар сәйкесінше 292 және 295 мың гектарды алатын болады.
Департаментте күнбағыстан басқа, фермерлер рапс, зығыр, мақсары және қыша отырғызатынын мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері дәнді дақылдарды екі пайызға қысқартады.