Павлодар облысының тұрғындары қазанның басына дейін мүлік салығын төлеуі тиіс
60 мыңнан астам тұрғын әлі де мүлік салығын төлемеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 1 қазанда жеке тұлғалардың 2023 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.
– Төлем мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан аз уақыт қалғанына қарамастан, Павлодар облысының 60 мыңнан астам тұрғыны 35 миллион теңгеге жуық сомаға мүлік салығын төлемеген, – делінген хабарламада.
2023 жылы жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың есептелген сомасы шамамен 333 миллион теңгені құрайды, оны 250 мыңға жуық салық төлеуші төлеуге тиіс. Қазіргі уақытта бюджетке шамамен 300 миллион теңге түсті.
Мүлік салығының сомасын «E-salyqAzamat» мобильді қосымшасының «ЖТжәнеЖК алдағы төлемдер сервисі» деректемелері бойынша, сондай-ақ «HalykBank», «KaspiBank» банктерінің қосымшалары арқылы білуге және бір мезгілде төлеуге болады.
Мүлік салығын толық немесе ішінара төлеуден босатылған жеңілдікті санаттардың тізбесі Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында айқындалған.
Төлем мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни 1 қазаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлемеген азаматтар банктік қызметтерді ала алмайды – аударымдар жасай алмайды, банктік шоттар ашады, несие рәсімдейді және т. б.