«Робот сот орындаушысы»: Павлодар облысында жеті миллион теңге үнемделді
![«Робот сот орындаушысы»: Павлодар облысында жеті миллион теңге үнемделді](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202311/image_750x_65607f2ee1195.jpg)
2024 жылдың тамыз айында Әділет министрлігі жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп, «Робот сот орындаушысы» пилоттық жобанын іске қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Цифрлық сот орындаушысы» бірқатар артықшылықтарға ие. Біріншіден, жеке сот орындаушыларының қызметі бойынша төлемдерден және оларға бару шығындарынан босатылды, өйткені барлық әрекеттер автоматты түрде жасалады. Екіншіден, хабарламалардың оқылуын және жеткізілу фиксациясы бар. Сонымен өндірісті 20 АЕК-не дейін қозғағаннан кейін, Робот борышкерге жеңілдетілген өндіріс туралы толық ақпарат бірнеше арналар арқылы хабарлама жібереді. Үшіншіден, роботтың жеке сот орындаушыдан айырмашылығы тек қарыздың сомасы шегінде бір банктік шотқа тыйым салады, ал жеке сот орындаушы барлық шоттарды қамауға алады.
– Сондай-ақ, азаматтарға ыңғайлы болу үшін онлайн режимінде барлық шараларды автоматты түрде алып тастай отырып, берешекті төлеу қамтамасыз етуге қолжетімді. Осылайша, адам факторы толығымен алынып тасталды. Оған қоса, бұл жоба сот орындаушыларымен байланыс қажеттілігін болдырмайды, барлық әрекеттер онлайн режимінде және өндірісті тоқтату мен тыйымды алу үшін түбіртектерді, басқа да растайтын құжаттарды көрсетудің қажеті жоқ, – дейді облыстық әділет департаментінің басшысы Маржан Имятова.
Атқарушылық іс жүргізу саласын цифрландырудан басқа жоба азаматтарға жылына шамамен бес миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.