Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Фото: Валерий Бугаев

Бұл қызметке бұған дейін Аққулы ауданының әкімі болған Руслан Мұқанов келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Павлодар облысы әкімінің өкімімен Руслан Берекеліұлы Мұқанов Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

– Руслан Берекеліұлы 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Лебяжі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Павлодар қаласы әкімі аппаратында және Павлодар облысы әкімі аппаратында бас маман қызметтерін атқарды, – деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

2013-2023 жылдары мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарында еңбек етті. Атап айтқанда, облыстық дін істері басқармасында, Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінде қызмет атқарды, Тереңкөл ауданы әкімі аппаратына басшылық етті, Аққулы ауданы әкімінің орынбасары, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастыру және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.Осы тағайындауға дейін Руслан Мұқанов Аққулы ауданының әкімі қызметін атқарды.

Еске салайық, Аққулы ауданының жаңа әкімі болып Асқар Ажмұрат тағайындалған еді.