Павлодар облысынан директор болуға үміткер он бір ұстаз кадрлық резервке енді
Жалпы 54 үміткер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Астанада «Білім берудегі 1000 өзгеріс көшбасшысы» бағдарламасының жаңа форматтағы басшыларын іріктеу және дайындау жобасының екінші легінің қорытындысы шығарылды.
Бұл жоба өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған. Марапаттау рәсіміне оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, өз сөзінде білім сапасын арттыру және педагогикалық кадрларды кәсіби даярлау бойынша негізгі міндеттерге тоқталды.
– Облыстан 11 үміткер мектептер мен колледждер директорлығына үміткер ретінде бағдарлама бойынша республикалық кадрлық резервке енді. Бұл жетістік аймақтың білім беру жүйесін дамытуға деген жоғары дайындығын және ұмтылысын дәлелдейді, – деп хабарлады басқармада.
Айта кетейік, өткен оқу жылында өңірімізден 10 адам кадрлық резервке енсе, биылғы жылы өтінім берген 54 үміткердің ішінен мектептер мен колледждер директорлығына 11 адам іріктеліп алынды.