Павлодар облысынан күніне 300 тоннаға жуық сәбіз басқа өңірлерге жіберіледі

Павлодар облысынан күніне 300 тоннаға жуық сәбіз басқа өңірлерге жіберіледі
Фото: pixabay.com/Pexels

Қазіргі таңда облыста 36 тонна сәбіз бар, оның тоғыз тоннасы көкөніс қоймаларының тоңазытқыш камераларында, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2024 жылы сәбіздің жалпы егістік алаңы 4,9 мың га құрады. Өңірдің 100-ге жуық фермасы сәбіз өсірумен айналысады.

Пысықтаудан кейінгі салмақтағы жалпы алым 176,2 мың тоннаны құрады (қамтамасыз ету 10 есе болса, жылдық қажеттілік – 17,3 мың тонна). Көкөніс қоймаларына 150 мың тонна сәбіз салынды.

2024 жылғы егіннен бастап бүгінгі таңда ішкі нарықта 12 мың тонна пайдаланылды, облыс шегінен тыс жерлерде 102 мың тонна сатылды, 28 мың тонна экспортталды. 

Орташа есеппен тәулігіне облыстан Ресейге 150-160 тонна өнім экспортқа жіберіледі. Күнделікті басқа өңірлерге 300 тоннаға жуық өнім еліміздің басқа өңірлерге жіберіледі, – дейді  Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев.

Тек қаңтар-ақпан айларында 4327 тонна сәбіз экспортталды, бұл –өткен жылғы деңгейден 10%-ға артық. 2024 жылғы қаңтар – ақпандағы сәбіз экспорты 3932 тоннаны құрады.

Агроөнеркәсіптік кешен аумақтық инспекциясының ресми деректері бойынша Павлодар облысына басқа елдерден сәбіз әкелінген жоқ.

Бүгінде АШТӨ көкөніс қоймаларында 36  мың тонна көлемінде сәбіз бар, коммерциялық сату бағасы – келісі 55-75 теңге.

Сәбізді іске асыруға жәрдемдесу үшін басқарма ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне, облыстардың әкімдіктеріне және өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына сәбіздің көлемі және шаруа қожалықтарының байланыс деректері бар хаттар жолдады.