Павлодар облысындағы ең көп қалдық шығаратын қала анықталды
Облыстағы қалдықтардың жартысына жуығы кеншілер шаһарынжа шығарылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Кукумбаев мәлім етті.
– Атмосфералық ауа ластаушы заттардың басым бөлігі облыста орналасқан үш қаладан шығарылады. Қалдықтардың 44%-ы Екібастұз қаласына, 26%-ы Ақсу қаласына және 25%-ы Павлодар қаласына тиесілі. Облыстың қалған аудандарына зиянды қалдықтардың шамамен 5% -ды құрайды ,– дейді Мағзұм Кукумбаев.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың көлемі 350,65 мың тоннаны құрады. Жылдық лимит 909,3 мың тонна , бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,85 мың тоннаға (0,8%) аз.
Айта кету керек, департаменттің инспекциялық қызметі кәсіпорындарда 23 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде 30 экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды.