Павлодар облысындағы май өндіру жобаларына қолдау білдірілді

Кемеңгер ауылында екі кәсіпорын жұмысын бастағалы отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Павлодар облысына келген іс-сапары барысында Кемеңгер ауылындағы өндірісті қарап шықты.
«JIELONG HOLDINGS» компаниясы қайта өңдеу қуаттылығы жылына 90 мың тонна шикізатты құрайтын май экстракциясы зауытының құрылысымен айналысады.
Компания директоры жобаның барлық кезеңдерінде облыс әкімдігінен қажетті қолдау алып жатқанын атап өтті.
– Құрылыс кезеңінде біз сыртқы коммуникацияларды жүргізу мәселелерінде көмекті сезіндік. Біз барлық жұмыстарды аяқтап, келесі жылы өндірісті іске қосуды жоспарлап отырмыз. Облыс басшылығына біздің бастамамызға көмек көрсетіп, назар аударғаны үшін алғысымды білдіргім келеді, – деп атап өтті ол.
Кемеңгер ауылында тағы бір жеке кәсіпкер, Шығыс Қазақстаннан қоныс аударған Ибрагим Халяпов, жылына 60 мың тонна шикізатты қайта өңдейтін және 30 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаратын тағы бір маңызды жобаны «Кемеңгер Май» компаниясы іске асыруда екенін атап шықты.
Қазан айының соңында ең бірінші өнімі жарыққа шығады.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Сапаров Айдарбек кәсіпорындарды қолдайтыны жайлы атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, «Достық үйінде» ол өңірдің шаруа қожалықтарының басшыларымен жиын өткізді. Кездесу барысында облыс басшысы өңірде жүріп жатқан орақ маусымының нәтижелерімен бөлісті.