Кемеңгер ауылында қандай инвестициялық жобалар іске асып жатыр?

Кемеңгер ауылында қандай инвестициялық жобалар іске асып жатыр?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Асайын Байханов елді мекендегі проблемалық нысан - спорт кешенінің құрылысын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ауылда Jiansu Jielong Group компаниясы жылына 120 мың тонна күнбағыс тұқымын өңдейтін май экстракциялау зауытын салуды бастады. Өндірістік қуаты-50 мың тонна дайын өнім, ал инвестициялық көлемі - 20 миллион АҚШ доллары.

– Тағы бір жобаны «KEMENGER MAY» ЖШС жүзеге асыруда-бұл суық сығымдау әдісімен май өндіретін зауыт. Жобаның қуаты-жылына 60 мың тонна тұқым, дайын өнім -30 мың тоннаға дейін май. Инвестиция көлемі -2 миллиард теңге. Мемлекеттік органдарға инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуді, инженерлік инфрақұрылымымен, сондай-ақ қажетті қуат көздерімен қамтамасыз етуді тапсырдым, – деп атап өтті Асайын Байханов.

Сонымен қатар, облыс әкімі мердігердің салғырттығына байланысты мерзімі кешіктірілген спорт кешеніне барды. Қазіргі таңда құрылыс қайта жанданды: негізгі ғимарат көтерілді, шатыр жабылды, терезелер мен есіктер орнатылды, жылыту және желдету жүйелері жүргізілді. Аймақ басшысы жұмысты жыл соңына дейін аяқтап, нысанды уақытылы іске қосуды және сапасына қатаң бақылауды тапсырды.