Павлодар облысында ірі қара малдың тұқымдық-өнімді сапасы қалай жақсартылуда?

Павлодар облысында ірі қара малдың тұқымдық-өнімді сапасы қалай жақсартылуда?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл мақсатта аналық мал басын тұқымдық түрлендіру жөніндегі бағдарлама іске асуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

5 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс бойынша тұқымдық қайта құруға 2340 асыл тұқымды бұқа, 44117 бас тауарлық аналық ірі қара мал қатысады. Қатысу үлесі – 26,8%, орташа республикалық көрсеткіш – 19,6% құрайды.

– Осы бағдарлама бойынша субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Ағымдағы жылы ірі қара мал тауарлық аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс үшін 493,5 миллион теңге, ет бағыттағы асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу үшін 132,3 миллион теңге төленді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында. 

Тұқымдық түрлендіру — жоғары өнімді тұқым өндірушілерді пайдалану арқылы малдың өнімділік сапасын жақсартуға бағытталған селекциялық жұмыстың бір әдісі.