Павлодар облысында қауіпті жерге шыққан балықшыларға жаппай айыппұл салынды

Павлодар облысында қауіпті жерге шыққан балықшыларға жаппай айыппұл салынды
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Олар қауіпсіздік ережелерін бұзды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Құтқарушылар балықшылардың сүйікті орындары бойынша үнемі рейдтерге шығады. Мұздың қалыңдығын өлшеп, қауіп туралы ескертеді. 2 желтоқсандағы рейд барысында бірінші болып жолыққан қысқы балық аулаудың әуесқойы қауіпсіздік ережелерін бұзған.

– Балықшының құтқару кеудешесі, ысқырық, құтқару инесі, ұзындығы кемінде 12 метр арқан болуы керек. Тұрғында мұның бәрі болмай шықты және бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады, – деді азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қасымов.

Ер адам бұдан былай тәртіпті сақтауға уәде бергенімен, оған айыппұл салынды. Балықшы жеңілдетілген жүйе бойынша 12 500 теңге төлеуге міндеттелді. Егер бұзушылық қайтадан қайталанса, айыппұл сомасы екі есе артады.

– Қазір өзеннің бүкіл су айдынындағы мұздың қалыңдығы бірдей емес – 10-12 сантиметр, ал кей жерлерде 28-ге жетеді. Ертісте мұз қабаты әлі толық қалыптасқан жоқ. Біз жылы ағыс бар екенін білеміз. Бұл ретте, өзеннің бүкіл суы ешқашан мұзға айналмайды. Усолкада кейбір жерлерде мұздың әзірге қалыңдығы 27-28 сантиметрді құрайды, – деді Ерлан Қасымов.

Оның айтуынша, балықшыларды құтқару құралдарынсыз қалыңдығы 25 сантиметрден жұқа мұзда ұстаса, айыппұл салынады. Мұндай жабдықтың құны әдетте 15 мың теңгеден аспайды. Ал құқық бұзушылық үшін айыппұл бұдан көп болады. Құтқарушы әуесқой балықшыларға өмірлеріне қауіп төндірмей қажетті заттарға бір рет ақша жұмсауға кеңес береді.