Павлодар облысында қайтарымсыз грантқа құжаттар қабылдау басталады

Павлодар облысында қайтарымсыз грантқа құжаттар қабылдау басталады
Фото: Егемен Қазақстан

Өз ісін ашам деген кәсіпкерлерге 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грант беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аймақта мамыр айының 15-нен 26-га дейін өз ісін ашам деген кәсіпкерлерге 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың 2-ші легі бойынша өтінім қабылдау басталады.

- Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өткізіледі. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.

Грантты тек еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар, өңіраралық қоныс аударушыла, еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамның жары және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар ғана ала алады.

Өтінім беру үшін «Business.enbek.kz» порталда тіркеліп, грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеріп, порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін өзіне жүктеп алып, оны толтырып және порталға енгізуі қажет. Бастысы үміткерлердің өз бетінше әзірлеген бизнес-жоспары жарамайды. Сонымен қатар, өтініш нысанын толтырып, электрондық цифрлық қолтаңба кілтімен қол қояады.

Бұдан бөлек, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.