Павлодар облысында қытайлық компания дәрі-дәрмек өндіруді қарастыруда

Павлодар облысында қытайлық компания дәрі-дәрмек өндіруді қарастыруда
Фото: pexels.com

Жобаға тоқсан миллион АҚШ доллары инвестиция құю жоспарланып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, қытайлық Sunny Brighter Health Solutions компаниясының делегациясымен таныстыру кездесуі өтті.

–        Компания біздің өңірде ветеринариялық антибиотиктерді өндіру мүмкіндігін қарастыруда. Жобаға инвестициялардың шамамен көлемі компанияның өз қаражаты есебінен 90 миллион АҚШ долларды құрайды. Өндіріс көлемі жылына 2000 тонна ветеринариялық антибиотикалық шикізат. Толық қуатқа шыққаннан кейін 400-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда,– деді басқарма басшысы Ержан Иманзайыпов.

Оның сөзінше, инвесторлар жобаны іске асыру үшін Қазақстанның қай өңірі қолайлы болуы мүмкіндігін әлі де қарап жатыр.