Павлодарлық полицейлер үй жануарларына чип салу жөнінде түсіндірді

Павлодарлық полицейлер үй жануарларына чип салу жөнінде түсіндірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Павлодар қаласының әкімдігімен және ветеринарлық дәрігерлермен бірлесіп, «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында үй жануарларына чип салу бөлігінде заңнамадағы өзгерістер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

– Инновациялардың негізгі мақсаты – қазақстандықтарды үй жануарларына  жауапкершілікпен қарауға, оларды көшеге тастамауға және қатыгездікке жол бермеуге тәрбиелеу.  Үй жануарлары жоғалғанда және басқа жағдайларда  иелерін анықтау үшін оларға міндетті түрде чип салу қажет, – деп атап өтті Павлодар қаласының Оңтүстік полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.

Заңнамаға өзгерістер 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі. Полиция департаментінде павлодарлықтар үй жануарларына жауапкершілікпен қарайды деген үмітте.