Павлодар облысында өгей қызын бірнеше мәрте зорлаған ер адам бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысында өгей қызын бірнеше мәрте зорлаған ер адам бас бостандығынан айырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол қыздың дәрменсіздігін пайдаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

14 тамызда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зорлау, яғни жәбірленушіге күш қолдану қатерін төндіріп, дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты өгей әкесінің бірнеше рет жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 120-б. 4-б.).

Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталушының кінәсі жас бала жәбірленушінің сақтауға берілген айғақтарымен, куәләрдің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Сотталушымен жасалған қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру жазасын, ал ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі бойынша – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана қарастырады.

– Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінде. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.