Павлодар облысында 1 қаңтарда боран мен көктайғақ күтілуде

Павлодар облысында 1 қаңтарда боран мен көктайғақ күтілуде
Фото: Константин Шелков

Күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша, облыс бойынша температура түнде -8...-13, облыстың оңтүстігінде -3°C, күндіз -3...+ 2°C көрсетеді.

Облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын , боран, көктайғақ күтілуде.

Ал облыс орталығында ауа райы түнде -9...-11 °C, күндіз 0...+ 2°C, бұлтты, жауын-шашынды болады. Боран соғып, көктайғақ болады.