Павлодар облысында 10 сәуірде қар аралас жауын-шашын күтіледі

Павлодар облысында 10 сәуірде қар аралас жауын-шашын күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы ...+9°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +3...+8°C, солтүстікте 0°C болады. Жаңбыр жауады, ал облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз +4...+9°C. Жауын-шашынсыз.

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында 15–20 метрге дейін күшейеді.

Ал Павлодарда түнде +4...+6°C, күндіз +8...+10°C. Ауа райы бұлтты, жаңбыр жауады.