18 шілдеде Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

Дауыл тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.
Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 7-12, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 23-28 градусты құрайды.
Павлодар қаласында күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде 17-19, күндіз 24-26 градус көрсетеді.