Павлодарлықтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды

Павлодарлықтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала аумағында екі коммуналдық жағажай – Орталық және Усолка бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Тек арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда демалуды, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Коммуналдық жағажайлар аумағына кіру тегін, – дейді қалалық әкімдікте. 

Сонымен қатар, Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан екі жеке жағажай бар: «Family», «Ревьера». Су объектілерін рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану жалпы су пайдалану тәртібімен өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Мысалы, жаппай демалу алаңын абаттандыру, тазалау, демалатын төсектерді жалға алу, жағажайда көрсетілетін қосымша қызметтер үшін ғана ақы алынады.