Павлодарлық оқушылар көктем көріністерін ақ қағазға түсірді
Байқауға отыз бес жұмыс ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында балалардың бейнелеу өнерін, көркем шығармашылығын дамыту және қолдау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа № 43, 5, 14, 41, А.Байтұрсынұлы атындағы, М. Әлімбаев, Жетекші мектептерінің 7-16 жас аралығындағы оқушылары қатысты.
– Байқау шарттары бойынша жұмыстар еркін тақырыпқа арналды. Сол себепті, қатысушылар өз жұмыстарын Наурыз мейрамына арнады. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші, екінші, үшінші дәрежелі сегіз дипломант жүлделі орындарға ие болды, – дейді қалалық білім беру бөлімінде.
Бірінші орынды үш оқушы – Милана Лель «Көктем», Елена Галанцева акварель техникасындағы «Әжемнің бауырсағы», Степан Алексеенко түрлі-түсті қарындаштар техникасындағы «Наурыз» суреттері үшін иеленді. Педагогтері – Людмила Иваненко, Еркеш Мадилова.
Ангелина Черниченко «Наурыз мейрамы», Лейла Аларханова «Мерекеге дайындық», Татьяна Кучуркина «Ұлы мереке» суреті үшін екінші орынды иеленді.
Захар Черкасов акварель техникасындағы «Менің сүйікті мерекем», Әмір Багаутдинов графика техникасындағы «Көктем күні» суреті үшін үшінші орын иегері атанды.