Павлодар облысында мыңға жуық студентке шәкіртақы дұрыс есептелмеген
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс әкімдігімен пайда болған берешекті өтеу үшін 40 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, студенттердің құқықтары бұзылған.
– Оқушылардың құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде медициналық колледж студенттеріне шәкіртақыны дұрыс есептемеу фактісі анықталды, яғни шәкіртақының өскені ескерілмеген, – дейді прокуратурада.
Нақтырақ айтсақ, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап төлемдер мөлшерін арттыру бойынша заңнамалық түзетулер қабылданған. Оған сәйкес шәкіртақы 20 948-ден 31 422-ге дейін – 10,5 мың теңгеге өскен.
Дегенмен, ағымдағы оқу жылының басынан бері 965 студент ескі мөлшерлеме бойынша шәкіртақы алуды жалғастырған.
Қазіргі уақытта студенттерге тиесілі барлық сомалар төленіп, кінәлі адамдар жазаланды.