Павлодар облысында 15 шақты жұмыс беруші жауапқа тартылды

Павлодар облысында 15 шақты жұмыс беруші жауапқа тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 14 қазаннан бастап заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл болып табылатын «Заңсыз» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Үш күннің қорытындысы бойынша облыста көші-қон заңнамасын бұзудың 152 фактісі анықталды. 

– 14 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы 13 сот шешімі шығарылды. Бұдан басқа, төрт шетелдік қабылдағыш-таратқышқа орналастырылған, – деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметі бастығының м.а. Александр Кузьменко. 

Павлодар қаласында Лесная-Казправда көшесі бойында уәкілетті органның рұқсатынсыз құрылыс ғимаратының құрылысшылары ретінде еңбек еткен көрші мемлекеттердің үш азаматы ұсталды.  Ақсу қаласында Ленин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің аумағында жақын шетел азаматының заңсыз еңбек қызметі фактісі анықталды.

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының жұмыс берушілерге қатысты заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен көшіп келушілерді тартқаны үшін әкімшілік материал толтырылды.

Павлодар облысының полиция департаменті өңірдің барлық азаматтары мен қонақтарынан көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.