Павлодар облысында 27 ақпанда мектептер онлайн форматқа көшеді
Аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 ақпан күні бірінші ауысымда оқитын 0–11-сынып оқушылары, сондай-ақ 9-сынып базасында білім алып жатқан колледждердің 1–2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.