Павлодар облысында 700-ге жуық ит пен мысық иесі жазаланған

Павлодар облысында 700-ге жуық  ит пен мысық иесі жазаланған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар жануарларды ұстау ережелерін бұзған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері полиция қызметкерлері ит пен мысықты ұстау ережелерін бұзғаны үшін 700-ге жуық жануар иесін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Бұл деректер үй жануарларын бақылаусыз ұстаудың қоғам үшін қауіп төндіретінін айқын көрсетеді. 

Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында шылбырсыз жүрген ит көшеде жүрген адамдарға шабуыл жасаған. Нәтижесінде ит иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, – дейді департаментте. 

Тәртіп сақшылары елді мекендерде ит пен мысықты дұрыс ұстау мен серуендету ережелерін түсіндіру мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Полиция жануар иелеріне келесі талаптарды сақтау қажеттігін еске салады: иттерді арнайы ұстау орындарынан қарғыбаумен алып шығу, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзбау және кедергі келтірмеу. Қарғыбау мен тұмылдырық – жануардың агрессиялық әрекеттерін болдырмауға көмектеседі.

Егер жануар иесі ит пен мысықты ұстау ережесін бұзса, тұрғындар құқық бұзушылықты тіркеп, учаскелік полиция инспекторына хабарлауы керек. Мұндай жағдайларда заң бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ иттерді балалар және спорт алаңдарында, мектеп пен балабақша маңайында, емдеу мекемелерінің айналасы мен арнайы тыйым салатын белгілер орнатылған жерлерде серуендетуге тыйым салынады. Сонымен қатар, құтыруға қарсы міндетті екпеден өтпеген жануарларды серуендетуге болмайды.

Жансая Мәлік