Павлодар облысында 9 айда алты мыңнан астам адам көші-қон заңнамасын бұзған
Олардың ішінде жүзден астам шетелдік сот шешімімен ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары өңірде көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша заң талаптарын бұзған 6 279 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 1 504-і – шетел азаматы.
Сондай-ақ сот шешімімен 99 шетелдік ел аумағынан әкімшілік тәртіппен шығарылды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 119 жұмыс берушіге айыппұл салынды.
Есепті кезеңде 595 шетел азаматы Қазақстан азаматтығын алса, өңірдің 254 тұрғынына шетелге тұрақты тұруға кетуге рұқсат берілді. Олардың 160-ы ТМД елдеріне, ал 94-і алыс шетелге қоныс аударуды ұйғарған.
Сонымен қатар тоғыз ай ішінде облыстың 64 961 тұрғыны жеке куәлік пен паспорт алды.