Павлодар облысында ақпан айында үш адам коронавирус жұқтырды
Жалпы өңірдегі ауа тамшы жолдары арқылы таралатын жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтарда коронавирустық инфекциясының – 34 жағдайы, ал ақпан айының басынан бастап – 3 жағдай тіркелді. Олар амбулаторлық ем алуда.
Эпидемиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дің 361 841 жағдайы тіркелді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ жағдайларының саны – 217 мыңнан асады, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 9185, ал жүкті әйелдер арасында ЖРВИ жағдайларының саны – 402.
Өңірде тұмаудың (А/H3N2) 62 жағдайы тіркелді. Оның ішінде ересектер арасында – 31, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 26, 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында – 5. Өткен жылдың осы кезеңінде тұмаудың 30 жағдайы болған.
Сырқаттанушылық бойынша Екібастұз қаласы, ал аудандар арасында Ертіс ауданы көш бастап тұр.
Эпиджағдайдың басынан қызылшаның 1006 жағдайы тіркелді, оның ішінде 2023 жылы – 604 жағдай, 2024 жылғы қаңтарда – 308, 2024 жылғы ақпанда – 94 жағдай.
Сонымен қатар, былтыр көкжөтелдің 30 жағдайы, ал 2024 жылдың басынан 24 расталған жағдай тіркелді.
Еске сала кетейік, павлодарлық эпидемологтар тұрғындарға бетперде тағуды ұсынды.