Павлодарлық емханада әйелдер консультациясы бөлімшесінде қосымша кабинеттер ашылды

@Pavlodarnews.kz тілшісі қолжетімді қызметтердің тізімін сұрастырып білді.
Республика бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен емханалар базасында «Әйелдер консультациясы» бөлімшелері ашылуда.
Павлодар қаласының 5-ші қалалық емханасында әрбір әйел қолайлы жағдайда уақтылы, білікті және кешенді медициналық көмек ала алуы үшін жаңа бөлімше құрылды.
– Әйелдер денсаулығы - ұлт денсаулығының негізі. Біз қазір жоғары деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи және жақсы жабдықталған әйелдер консультациясы бар екеніне қуаныштымыз, — деп атап өтті емхана дәрігері.
Әйелдер консультациясында келесі қызметтер қолжетімді:
- жүктілікті қадағалап-қарау және барлық мерзімде бақылау;
- профилактикалық қарап-тексерулер және диспансерлеу;
- гинекологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және бақылау;
- балалар мен жасөспірімдер гинекологының қабылдауы;
- отбасын жоспарлау және репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша консультация беру.
Консультацияны құру - бұл біздің қаламыздағы әйелдерге медициналық көмек көрсету жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Енді тұрғындар үйдің жанында барлық қажетті қызметтерді ала алады, бұл медициналық қолдаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.