Медавиацияның көмегімен Баянауылдан жаңа туған нәресте жеткізілді

Медавиацияның көмегімен Баянауылдан жаңа туған нәресте жеткізілді
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Шақалаққа тыныс алу жеткіліксіздігі және аспирациялық синдром диагнозы қойылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен демалыс күндері Павлодар медавиациясы екі науқасты әуе кемесімен тасымалдаған. 

Бірінші жағдайда жаңа туған нәрестеге шұғыл көмек керек болса, екінші оқиғада 55 жастағы ер адамды жылдам облыс орталығына жеткізу қажеттілігі туындаған.

-  Демалыс күндері облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін медициналық авиация Павлодарға төрт науқасты тасымалдады. Қызметке алғашқы өтінім 20 сәуірге қараған түні Тереңкөл аудандық ауруханасынан келіп түсті. Онда сегіз айлық бала ауруханаға түсіп, оған квинке ісіну диагнозы қойылды. Балаға мамандандырылған көмек қажет болғандықтан оны реаниматологтың сүйемелдеуімен облыстық балалар ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, медавиациядағы келесі өтінім Баянауылдан қабылданды. Жергілікті ауруханадан тыныс алу жеткіліксіздігі және аспирациялық синдромы бар жаңа туған нәресте ұшақпен жеткізілді. Бұл жерге баланы тасымалдауға дайындаған реаниматолог маман жіберілді. 

Әуе кемесі 21 сәуірде Аққулы ауданынан 55 жастағы ер адамды тасымалдау кезінде іске қосылды. Ол ауруханаға коронарлық артерия ауруы мен жедел коронарлық синдромның нәтижесінде түскен. Павлодарға ұшып келгеннен кейін науқас облыстық кардиоорталыққа жатқызылды.

Сол күні медициналық авиация Ақсуға жер үсті көлігімен барды. Қалалық ауруханаға инсульт алған 54 жастағы әйел түсті. Реаниматологиялық бригада науқасты Павлодар кардиоорталығына тасымалдады.

Өткен демалыс күндері тағы төрт рет 103 медициналық бригадалық топ ірі апат орын алған жерлерге аттанды. Мәселен, 20 сәуірде Екібастұз бен Майқайың арасындағы тас жолдағы кюветке автокөліктің шығуы нәтижесінде үш адам зардап шеккен. 20 жастағы екі жігіт пен 23 жастағы қыз ауылдық учаскелік ауруханаға жеткізілді. 

Ал 21 сәуірде жедел жәрдем екі рет жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге аттанды.  Оның біріншісі Жаңауыл ауылындағы Омбы тас жолында болды. Көліктер  соқтығысынан екі адам зардап шекті. 41 жастағы ер адам Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілсе, 27 жастағы жолаушы ауруханаға жатудан бас тартты. Тағы бір апат  Павлодарда Малайсары батыр мен Щедрин көшелерінің қиылысында болды. Оқыс оқиғадан  57 жастағы әйел зардап шекті. Ол №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Бұдан бөлек, тағы бір апат 21-22 сәуірге қараған түні болды. Қарақала ауылы ауданындағы Семей тас жолында көлік аударылып, нәтижесінде 28 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен Аққулы аудандық ауруханасына жеткізілгені мен науқастың өміріне араша түсу мүмкін болмады.