Павлодар облысында алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады
Өңірде 10-13 наурыз аралығында ауа райы тұрақсыз болып, қар, жаңбыр, боран және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
10 наурызда түнде қар жауып, бұрқасын байқалады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ болуы мүмкін. Түнгі температура -5…-10 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында -15…-20 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 0…-5 градус. Жел 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Сәрсенбі күні түнде қар жауып, облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар түсуі ықтимал. Тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -20…-25 градус, облыстың батысында -30 градусқа дейін төмендейді. Күндіз -10…-15 градус болады.
12 наурызда облыстың бірқатар аумағында қар, бұрқасын және тұман сақталады. Түнде -10…-15 градус, солтүстігі мен шығысында -20 градусқа дейін төмендейді. Күндіз -5…-10 градус. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.
Жұма күні түнде қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде ауа температурасы -7…-12 градус, шығысында -15 градус. Күндіз 0…-5 градус шамасында болады.