Павлодар облысында алғаш рет елімізге танымал әнші шеберлік сыныбын өткізді
Опера әншісі Мария Мудряк академиялық ән айтудан сабақ берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы білім беру басқармасының мәлімдеуінше, мұндай шара аймақта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Музыкалық колледждің сахнасында танымал отандық әнші, колоратуралық сопраноның иегері, опера әншісі Мария Мудряк академиялық ән айтудан шеберлік сыныбын өткізді.
- Концерттік зал көрермендерге лық толды. Шеберлік-сыныбы барысында қатысушылардың бірегей мүмкіндігі болды. Яғни олар шеберлік-сыныбының тақырыбы бойынша әзірлемелерді зерделеу, сұрақтар қою, кеңес алу, өзекті мәселелер мен технологияларға шолу, технологияларды қолданудың әртүрлі аспектілері мен әдістері, технологияларды тәжірибеде қолданудың әдістері және кәсіби қарым-қатынас үшін жағдай жасау туралы ақпараттармен қанықты, - делінген хабарламада.
Шеберлік сабақтарынан кейін тыңдаушылар өнер иесімен жеке сөйлесіп сұрақтарын қоя алады. Осылайша қызықты кездесу тәжірибемен алмасты.
Ұйымдастырушылар бұл шеберлік сабағы Ертіс өңірінің шығармашылық мұрасы мен өнеріне деген қызығушылықты оятып, Павлодар облысында көптеген айтулы мәдени шараларға жол ашарына сенімді.