Павлодар облысында апта аяғына дейін сынап бағанасы нөлден жоғары болады

Наурыз мейрамында күн жылынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 18 наурызда облыстың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -2...+3°С, ал күндіз +3...+8°С, облыстың оңтүстігінде +12°С-қа дейін жылынады.
19 наурызда жауын-шашын түспейді. Сынап бағанасы түнде -2...+3°С, облыстың шығысында -5°С, ал күндіз +6...+11°С, облыстың батысы мен шығысында +14°С-ты көрсетеді.
20 наурызда облыстың солтүстік, шығыс пен оңтүстік бөлігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +7...+12°С жылы болады.
21 наурызда көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +2...+7°С-ты көрсетеді.
22 наурызда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -4...+9°С, ал күндіз 0...+5 жылы болады.
23 наурызда тұман түседі. Сынап бағанасы түнде -3...+2°С, ал күндіз +2...+7°С-ты көрсетеді.