Павлодар облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Павлодар облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Аймақ басшысы Асайын Байханов саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 1920-1941 жылдар аралығында төрт мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Лагерьлерде ұлтымыздың ұлы тұлғалары, қазақ мәдениетінің, ғылымының және оқу-ағарту саласының көрнекті өкілдері азап шекті. Олардың қатарында жазушы Жүсіпбек Аймауытов, журналист Қадыр Тайшықов, режиссер, драматург, ҚазКСР-нің тұңғыш халық әртісі Жұмат Шанин бар.

Облыс әкімі сталиндік қуғын-сүргін мен ашаршылықтың жазықсыз құрбандарының бейнесін есте сақтауға шақырды.

– Біз тарихтың осынау қайғылы беттерін ұмытпауымыз керек, - деді Асайын Байханов. – Ол біздің халқымыз басынан өткерген сынақтардың символы болып қала береді.

Іс-шараға қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.