Павлодарда аутизмі бар балаға көмек көрсету үшін қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда аутизмі бар балаға көмек көрсету үшін қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жиналған қаражат баланың емделуіне бағытталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» еріктілер тобының мәліметінше, қайырымдылық жәрмеңкесі 4, 11 және 18 шілде күндері Мәшһүр Жүсіп мешітінде (Қайырбаев көшесі, 107) өтеді. Іс-шара сағат 10:00-де басталады.

– Жәрмеңкеден түскен қаржы баланың емделуі мен оңалту шараларына жұмсалады. Сондықтан әрбір қолдау – үлкен көмек. Қазір жәрмеңкеге үйден дайындалған тәттілер мен тағамдар (пісірмелер, кәмпиттер және басқа да дәмділер) қажет. Көмектесуге дайын жандар алдын ала хабарласуын сұраймыз. WhatsApp: 8 (747) 615-55-63, – делінген хабарламада.

Қаржылай қолдау білдіргісі келетіндер үшін реквизиттер:

  • Kaspi Gold: 4400 4302 2590 6962;
  • Kaspi нөмір: 8 747 615 55 63;
  • Instagram: @poiskoviki_pavlodara_vita.