Павлодар облысында астық кептіру жабдықтары жанды
Өрттің шығуына электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау, жабдықтың қызып кетуі себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 желтоқсанда сағат 23.20-да Успен ауданының Ковалевка ауылында астық кептіргіштің өртенгені туралы хабарлама түскен.
– Шақыру орнына дереу шыққан өрт сөндірушілер шаруа қожалығы аумағындағы төрт шаршы метр алаңда астық кептіру шахтасында күнбағыс тұқымы қабығының түтіндегені анықталды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел жойды, – дейді департаментте.
Оқиға орнына 17-ӨСБ күштері мен құралдарынан төрт қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.
Тағы екі факті Ақтоғай ауданында орын алған.
Айта кету керек, астық кептіргіштегі тазалық оның қауіпсіздігіне маңызды рөл атқарады. Жоғары температура мен дәндердің үйкелісінен пайда болған шаң өрт көзіне айналуы мүмкін. Күнбағыс тұқымында майдың жоғары деңгейі болғандықтан, тұқымдарды дұрыс сақтамау бұл өнімдердің өздігінен тұтануына әкелуі мүмкін.