Жәрмеңке мен фотоальбомдар: Павлодарда референдум қалай өтуде?

Жәрмеңке мен фотоальбомдар: Павлодарда референдум қалай өтуде?
Фото: автор

Атом электр стансасының құрылысына бейжай қарамайтын жастардың саны басым, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде орналасқан № 10 учаскеде жайлы атмосфера сезіледі. Мектепке кіреберісте тұрғындар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сауда жасап,  әсем әннен әсер алуда. 

Учаске төрағасы Полина Санкинаның айтуынша, сағат он бірге дейін 230-дан астам павлодарлық АЭС құрылысы бойынша дауыс беруге келген. Бірінші кезекте қарттар мен отбасы мүшелері белсенділік танытуда, бірақ жастардың саны басым көрінеді. 

– Өмірінде алғаш рет дауыс беруге келген 18 жастағы жастарға  блокнот, фото жиектемелер, фотоальбомдар, торттар сыйлаймыз. Олар мұндай сыйлықтарға қуанып қалды, – деді төраға.

Ал мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін лупа пен трафарет орнатылған бөлек кабиналар қарастырылған. Есту және көру қабілеті нашар адамдар үшін арнайы компьютер жабдықталған. Кіреберісте пандус жанында қоңырау бар: оны соғу арқылы күзетшілер есікті ашады.

Референдумның шарттары туралы дауыс берушілер жақсы біледі. 

Учаске төрағасы ешқандай заң бұзушылық болмағанын айтады.

– Біздің референдум учаскесінде дауыс берушілер тізімінде ер адам болмаған бір ғана жағдай болды, дегенмен барлығын анықтап, дерекқорға енгіздік, – дейді Полина Санкина.

Сағат 12:00-ден кейін комиссияның екі мүшесі үйден шыға алмайтындарға арналған көшпелі референдум бойынша полициямен бірге мекенжайларға барып дауыс жинайды.