Павлодар облысында ауылдағы оқымысты балалар анықталды

Павлодар облысында ауылдағы оқымысты балалар анықталды
Фото: қалалық білім беру бөлімі ұсынды

Енді олар республикалық кезеңге аттанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауыл мектептерінің 9-11-сыныптардың 781 оқушысы қатысты. Олимпиаданың мақсаты – шалғайдағы елді мекендерден келген дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.

Павлодар қаласының үш жалпы білім беретін мектебінің қатысушылары үшін олимпиада «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығында өтті. Оның ішінде 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. 

ІІІ орынды № 40 мектептің 9-сынып оқушысы Диана Төлеген, Надир Егінбай және Кенжекөл мектебінің 10-сынып оқушылары Жансұлу Зардхан, Асанәлі Шаймұрат  иеленді. І орынды № 40 мектептің 11-сынып оқушысы Максим Комаров, Кенжекөл мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Берік жеңіп алды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2024 жылғы қаңтарда ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.