Павлодар облысында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды
Оған себеп ауа райының нашарлауы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- 28 ақпан күні сағат 23:15-те ауа райының нашарлауына байланысты яғни бораннан жолдың көрінбеуіне орай "Кызылорда-Павлодар" автожолының 1367-1258 шақырымында Ленин кентінен Екібастұз қаласына дейін барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Жолда абай болуды ескертеді.